Бөліп төлеу 0-0-4 (BNPL): жиі қойылатын сұрақтар
Бөліп төлеу 0-0-4 дегеніміз не?
Бұл «Қазір сатып ал, кейін төле» (BNPL) серіктес сервисі арқылы төлеу тәсілі. Сатып алуды 4 айға бөліп төлеуге рәсімдейсіз:
- бастапқы жарнасыз;
- комиссиясыз және артық төлемсіз;
- лезде мақұлдаумен.
Бөліп төлеуді қалай рәсімдеуге болады?
- Тауарларды себетке қосыңыз.
- Төлем тәсілі ретінде «Бөліп төлеу 0-0-4» таңдаңыз.
- Тапсырысты рәсімдеңіз және рәсімдеуді аяқтау үшін телефон нөміріңізге bnpl.kz-тен келетін хабарламаны (1–2 минут ішінде) күтіңіз.
- Телефон нөмірін және ЖСН-ді көрсетіңіз. Нөмір eGov mobile базасында тіркелген болуы тиіс.
- Нөмір әлі тіркелмеген болса, мына нұсқаулық бойынша тіркеліңіз: https://egov.kz/cms/ru/articles/mobilecitizen+
- Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Рәсімдеу 2 минутқа дейін созылады.
Бөліп төлеуді кім рәсімдей алады?
- Жасы 18-ден 60-қа дейін.
- Қазақстан Республикасының резиденті.
- Тапсырыс сомасы 6 000-нан 200 000 теңгеге дейін.
- Мерзімі өткен берешегі жоқ.
- Салық берешегі жоқ.
Неге бөліп төлеуге бас тартылды?
Шешім жеке қабылданады және кредиттік тарихқа байланысты. 14 күннен кейін қайта көріңіз: осы уақыт ішінде кредиттік тарих жаңартылады.
Комиссия немесе артық төлем бар ма?
Жоқ. Уақытылы төлесеңіз, сатып алу комиссиясыз және артық төлемсіз болады.
Қашан төлеу керек?
- Рәсімдеу алдында алдын ала төлем кестесін көресіз.
- Бөліп төлеу тек тауарды немесе қызметті алғаннан кейін белсендіріледі.
- Әр төлем алдында күні мен сомасы туралы SMS арқылы еске саламыз.
Қалай төлеуге болады?
- «ЦентрКредит» банкінің қолданбасын ашып (bcc.kz), кіріңіз немесе тіркеліңіз.
- Басты бетте «Сервистер» → «Молл» → «Менің тапсырыстарым» бөлімін ашыңыз.
- Тапсырысты таңдап, «Қазір төлеу» түймесін басыңыз.
Бөліп төлеуді мерзімінен бұрын өтеуге бола ма?
Иә, толық немесе ішінара мерзімінен бұрын өтеуге қосымша комиссиясыз болады. Ол қолданбаның сол бөлімінде жасалады: «Сервистер» → «Молл» → «Менің тапсырыстарым» → тапсырысты таңдау → «Қазір төлеу».
Мерзімі өткені үшін айыппұл қанша?
Ай сайынғы төлем мерзімі өткені үшін төлем сомасына бекітілген 2 200 теңге айыппұл қосылады.
Басқа банктің картасымен төлеуге бола ма?
Жоқ. Төлемдер тек bcc.kz қолданбасына байланған «ЦентрКредит» банкінің картасынан қабылданады.
«ЦентрКредит» банкінің картасын қалай толтыруға болады?
- Басқа банктің қолданбасынан шот деректемелері немесе карта нөмірі бойынша аудару арқылы. Комиссияны өз банкіңізден нақтылаңыз.
- Серіктес банктің банкоматы арқылы.
- Банк бөлімшесінің кассасы арқылы.
Құпия сөзді ұмытсаңыз немесе сұрақтарыңыз болса, не істеу керек?
- bcc.kz қолданбасында қалпына келтіру үшін «Кодты ұмыттыңыз ба?» түймесін басыңыз.
- Ұялы телефоннан банктің call-орталығына қоңырау шалыңыз: 505.
- WhatsApp: wa.me/77471111505
- Telegram: t.me/BankCenterCredit_bot
- Немесе банк бөлімшесіне хабарласыңыз.