p2659004
p2659000
p2658998

KIPRUN

Құлаққап сымды usb-c we100

Цена со скидкой₸11,400.00
Продано

Біз бұл сымсыз құлаққапты жүгіргенде музыканы тыңдау жайлы болуы үшін жасадық!

Көлемі: no_size:1
Доставка по Всему Казахстану
2-Года Гарантии
Безопасные Платежи
Техническая информация
  • Спорттық және қарапайым құлаққаптың қандай айырмашылығы бар? Спортпен шұғылданған кезде бүкіл денеңіз қозғалыста болады.Сіздің құлаққап бір орында тұруы тиіс.Сіз терлейсіз, құлаққаптарыңыз термен жанасушылыққа төзімді болуы тиіс. Сондай-ақ Сіз сыртқы дыбыстарды жақсы қабылдау қабілетін сақтап қалуыңыз керек. Осы үш талап WE100 спорттық құлаққаптарын жобалау кезіндегі шешімдеріміздің негізіне айналды.
  • Жаттығу кезінде қозғалмайтын құлаққаптар! Decathlon WE100 сымды құлаққаптары құлағыңызда мінсіз тұруы үшін:– Силиконды саптаманың құлаққа салынатын дөңесі бар.Бұл дөңес қолайсыздық тудырмай, құлаққапты бекітеді. - WE100 құлаққаптары арнайы қысқышпен жабдықталған, оның көмегімен сымды футболкаңызға немесе спорттық күрткеңізге бекіте аласыз.
  • “bass–reflex” технологиясының көмегімен үйлестірілген дыбыс. WE100 құлаққаптарының дыбысы сүйікті әуендеріңізге сай болуы үшін, біз үй акустикалық жүйелерінде жиі қолданылатын bass-reflex технологиясының шағын нұсқасын пайдаландық:құлаққаптың артқы бөлігінде орналасқан түтік сыртқа шығатын арнаны жасайды. Осы арқылы осындай типті құлаққаптарда әдетте бәсеңдетілетін дыбыс барынша теңгерілген, бас дауысына дұрыс акцент қойылған болады.
  • Жайлылық Тікелей құлақпен түйісетін құлаққаптың бөліктері (дөңестері) жұмсақ және сипалап көргенде, жағымды болып сезілетін силиконнан жасалған.Сізге әуен тыңдауға кедергі келтірмеу үшін біз құлаққаптың құрылымын мұқият ойластырдық, сондықтан сіз оның қысымын сезбейсіз.Бұл жүгіру кезінде құлаққа қысым түсірмейді.Қондырмалар пішінін жасамас бұрын біз құлақ пішінін зерттедік, сондай ақ сынақтама қатысушыларын тарта отырып, қолайлылық деңгейіне сынақтама жасадық.
  • СЫРТҚЫ ДЫБЫСТАРДЫ ЖАҚСЫ ҚАБЫЛДАУ Жаттығуыңыз қай жерде өтсе де қалада, паркте немесе ауылдық жерде болсын, сыртқы әлемнен мүлдем оқшауланып қалғыңыз келмейді.Сондықтан біз құлаққаптың "ашық" деп аталатын құрылымын таңдадық.Бұл құлақтың ішіндегі саптамалар тікелей есту арнасына салынбайды дегенді білдіреді.Жайлылық деңгейі осылайша артады, ал сондай-ақ көшедегі дыбыстар сіздің құлағыңызға жетеді.
  • Құлаққаптар термен жанасудан қорықпайды! Күн ыстық болғанда сіз терлейсіз.Құлаққаптар тердің әсеріне төзімді.Құлаққаптың акустикалық саңылауындағы тоқыма мембараналар оларды терден қорғайды.
  • Жақсы бекітілген силикон қондырмалар Біздің құлаққаптың бұрынғы түрі туралы айтсақ, көптеген қолданушылар саптамасы құлақтың ішінде жиі шешіліп, жоғалып жататынын айтып өтті.Осыны болдырмас үшін, біз құлаққап қондырмаларының сенімді бекіту жүйесін жасап шығардық.Егер құлаққап саптамаларын жоғалтып алсаңыз, жаңасына тапсырыс беру үшін клиенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз.
  • Жуылатын силикон қондырмалар Егер сіз құлаққапты аздап тазалау қажет деп есептесеңіз, сумен жуып-шаю үшін силикон саптамасын бөліп алуыңызға болады.Құлаққаптың өзінің корпусын тазалау үшін сіз оны матамен сүртуіңізге болады.Құлаққаптың өзі су өткізбейтін бұйым емес. Оны суға батыруға болмайды.
  • Телефонды басқарыңыз Decathlon WE100 құлаққаптары келесі функцияларды орындауға арналған басқару пультімен және микрофонмен жабдықталған:– әуенді паузаға қоюға болады (батырманы басыңыз), – келесі трекке ауысуға болады (батырманы екі рет басыңыз), – телефон қоңырауларына жауап бере аласыз (батырманы басыңыз), – телефон қоңырауын қабылдамауыңызға болады (батырманы екі рет басыңыз), – тұтқаны қоя салуыңызға болады (батырманы басыңыз), – Siri немесе Google Voice аша аласыз (батырманы 2 секунд басып тұрыңыз).
  • Төмен бағадағы жоғары сапа! Біз тауарымыздың сапасына аса мұқият қараймыз.Ең алдымен, біз сараптамаға тәуелсіз қатысушыларды қатыстырып, жүгіру кезінде және зертханада сынақтан өткізіп, жетілдіріп,тауардың бірнеше түпүлгісін шығардық.WE100 спорттық құлаққаптарының акустикалық конструкциясы мен силикон саптамаларының пішіні, сіздерге ең тиімді бағамен үздік шешім ұсыну үшін ең көп прототиптер мен жақсартуларды талап еткен екі негізгі элемент.
  • Техникалық сипаттамалары Құлаққап диаметрі: 12,2 мм. Кедергі: 32 Ом. Сезімталдығы: 102 дБ (+/– 3 дБ, 1 кГц және кірістегі 1 мВт). Жиілік ауқымы: 20 Гц – 20 кГц. Номиналды шығыс қуаты: 3–5 мВт. Сымның ұзындығы: 120 см (немесе нақты ұзындығын көрсетіңіз, мысалы: 1,2 м).120 см. ҚосқышUSB
  • Кепілдік 2 жыл. Барлық сұрақтар бойынша > support.geonaute.com< /a> қолдау көрсету сайтына хабарласыңыз. Ол жерден Сіз өніміңізді сәтті пайдалану жөніндегі кеңестерді табасыз: ескертулер, пайдаланушылар жиі қойып жататын сұрақтар және бейне нұсқаулықтар. Сізге толық қанды қызмет көрсету үшін қолдау тобы бірден жеке жауап беру үшін тәулік бойы сізге қызмет етеді.