Decathlon жаңа Aport Mall West және Mega Park дүкендерін ашып жатыр (Қазақша)

BNPL 0-0-4 Чтение Decathlon жаңа Aport Mall West және Mega Park дүкендерін ашып жатыр (Қазақша) 2 минут Далее Открытие новых филиалов Aport Mall West & Mega Park (Русское)

Decathlon Алматыда екі жаңа дүкен ашады: 1

қарашада Aport Mall West, 27 қарашада Mega Park

Алматылықтар, спорт сүйер қауымға жақсы жаңалық бар! Decathlon Kazakhstan қалада бірден екі жаңа дүкен ашады. Ашылу құрметіне сыйлықтарға арналған ұтыс ойындары мен бүкіл ассортиментке -20% жеңілдік дайындадық!

Ашылу құрметіне: ұтыс ойындары мен -20% жеңілдік

Жаңа дүкендердің ашылуына орай сіздерге жағымды тосынсыйлар күтіп тұр:

  • сыйлықтарға арналған ұтыс ойындары;
  • бүкіл ассортиментке -20% жеңілдік (жеңілдігі бар товарлаға жүрмейді)

    Жаңалықтарды жіберіп алмау үшін Instagram @decathlon_kz парақшамызға жазылыңыз.

Decathlon Aport Mall West: 1 қарашада ашылады 

2026 жылғы 31 қазанда Aport Mall West сауда орталығында жаңа Decathlon дүкені есігін ашады. Мұнда бренд ассортиментімен танысып, сүйікті спорт түріне қажетті заттарды таңдап, белсенді демалысқа арналған жабдықты қарап шығуға болады. Спортты жаңа бастағандар да, тәжірибелі спортшылар да өзіне керегін табады.

📍 Мекенжайы: Ташкент тас жолы, 17к, 1-қабат (2GIS-те ашу)
🕙 Ашылу уақыты: 13:30
🕘 Жұмыс уақыты: 10:00 - 22:00


Decathlon Mega Park Almaty: 27 қарашада ашылады

Келесі дүкен 27 қарашада Mega Park сауда орталығында ашылады. Бұл Decathlon Kazakhstan желісіндегі үшінші сауда нүктесі. Кіре беріс Сейфуллин даңғылы жағынан.

📍 Мекенжайы: Мақатаев көшесі, 127/5 (2GIS-те ашу)
🕘 Жұмыс уақыты: [әзірше белгісіз]


Decathlon: спорт баршаға қолжетімді

Біз үшін спорт — қозғалыс, жаңа мүмкіндіктер және белсенді өмір салты. Жаңа бағыттарды байқап көруге және өзіңізге лайық заттарды табуға көмектесеміз. Aport Mall West пен Mega Park дүкендері Decathlon Kazakhstan дамуының келесі қадамы және Алматы тұрғындарына жақындаудың тағы бір жолы.

1 қарашада Aport Mall West-те кездескенше! 27 қарашада Mega Park-те күтеміз!